Директорлар кеңесінің кезекті отырысы: «2025 жылғы жұмыс қорытындылары, Кеңестің 2026 жылға арналған қызметін жоспарлау туралы»

Директорлар кеңесінің кезекті отырысы: «2025 жылғы жұмыс қорытындылары, Кеңестің 2026 жылға арналған қызметін жоспарлау туралы»

2025 жылғы 13 қарашада ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы директорлар Кеңесінің отырысын өткізді. Онда өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары шығарылып, келесі жылға арналған стратегиялық бағыттар айқындалды.

Іс-шара барысында орталық директоры С.Н. Коваленко қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, күн тәртібін таныстырып, алдағы талқылаудың негізгі тұстарын атап өтті.

Әрі қарай сөз Глубооке ауданының №2 Белоусовка жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры және директорлар Кеңесінің төрағасы М.К. Кенчимбаеваға берілді. Өз сөзінде Кеңестің өткен жылғы қызметінің нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізіп, қол жеткізілген жетістіктер мен анықталған проблемаларға назар аударды. Сондай-ақ, білім беру үдерістерін одан әрі дамыту мен жетілдіруге бағытталған нақты шаралар мен бастамаларды қамтитын 2026 жылға арналған жоспарының жобасы ұсынылды.

Кері байланыс барысында жан-жақты талдаудан кейін отырысқа қатысушылар бірауыздан кеңестің құрамы мен оның жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.