«Абай мұрасы – ұлт қазынасы» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының баспасөз хабарламасы

«Абай мұрасы – ұлт қазынасы» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының баспасөз хабарламасы

Ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған  «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты: Ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын терең насихаттау, оның педагогикалық, философиялық және адамгершілік көзқарастарын, идеяларын заманауи білім беру үдерісінде қолдану.

Ұйымдастырушы: ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы Алтай  ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ

Өткізілетін мерзімі: 2025 жыл, 14 қараша

Конференцияға қатысушылар: жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.

Өткізілу тілі: қазақ тілі

 

Жауапты: А. Ж. Билялова (87055014271)