
Педагогтерді білім беру сапасын халықаралық зерттеулерге қатысуға дайындау жалғасуда. PISA — ға сәтті қатысудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың тасымалдаушысы ретінде химия мұғалімдеріне ерекше назар аударылады.
PISA білім беру сапасын халықаралық зерттеуге дайындық аясында химия мұғалімдерімен мақсатты жұмыс жүргізілуде.
«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі Сагиева Назым Нурсыдыковна мен бірлесіп, облыс мектептерінің химия пәні мұғалімдеріне арналған «Функционалдық сауаттылық және химия: өмірмен байланысты білім беру» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты: химия пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, білімді өмірмен байланыстыру арқылы халықаралық PISA зерттеуіне дайындық сапасын жетілдіру.
Вебинар барысында қатысушылар:
күнделікті өмірмен байланысты химиялық тапсырмаларды функционалды сауаттылықты арттыруда қалай тиімді қолдануға болатымен танысты, PISA форматына дайындықты тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастырды, өмірлік жағдайларға негізделген практикалық тапсырмалардың үлгілерін алды.
Мұндай дайындық химиялық білім мазмұнын жаңартуға және қазіргі мектепте пәнді оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.