
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2025 жылдың 19 қарашасында Өскемен қаласындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп базасында «Әр баланың мүмкіндігі бар: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін мамандардың бірлескен жұмысы арқылы дамыту» инклюзивті білім беру бойынша облыстық КЕЙС-КОНФЕРЕНЦИЯСЫН
өткізетіндігін хабарлайды.
Конференцияны өткізуге ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен Бірінші Дүниежүзілік инклюзия конгрессі мен 19 қараша Халықаралық дефектолог күні аталып өтілетіні негіз болып табылады.
Іс-шараның мақсаты: Ерекше білім білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке әлеуетін анықтау мен дамытуға бағытталған тәжірибемен алмасу, талқылау және практикалық жағдайларды (кейс) талдау үшін басшылар мен мамандардың (педагог, психолог, логопед, дефектолог, педагог-ассистент) пәнаралық командасының тиімді өзара іс-қимылы арқылы кәсіби кеңістік құру.
Өтетін орыны: ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 41 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Өткізілетін күні: 19 қараша 2025 жыл.
Өткізу уақыты: 9.00-14.00 сағ
Мекенжайы: Өскемен қаласы, І. Есенберлин даңғылы, ғим 29
Ұйымдастырушы: ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы.
Жауапты:
Кубентаева Ардак Курмангазиновна,
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік
орталығы директорының орынбасары
87773825029