«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының» ұйымдастыруымен 2020 жылдың 14-15 қазаны аралығында жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден оқу озаттары, белсенділер және дарынды балалар үшін «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты қашықтықтан семинар-тренингі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын жан-жақты насихаттайтын қазақстандық жастардың патриоттық сезімін арттыру және әлеуметтік-азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Семинар аясында қашықтықта оқушылармен әңгіме, сұхбат және психологиялық тренингтер өткізілді. Облысымыздың дарынды балалары топтық жұмыстарға қатысып белсенділік танытты. Тренингтерде өздерінің көшбасшылық қасиеттерін ашып көрсете білді.
Семинар-тренинг мазмұнды және жемісті өтті. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары жұмысқа белсене қатысты.
Директор Г. Рахимжанова