«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауы

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауы

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 7 қарашасы күні меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері»  байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің озық тәжірибесін анықтау, қолдау және насихаттау, олардың кәсіби деңгейін арттыру.

Байқауға қатысушылардың Ережеге сәйкес Е-портфолиолары қаралып, әдіскерлер мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарларын қорғады.

Байқаудың комиссия мүшелерінің шешімі:  

Бас жүлде - ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК әдіскері Қайырбаева Гүлдана Мемлетханқызы;

1-орын – ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчёлка» бөбекжайы» ҚМҚК әдіскері Чукотаева Гульмира Жанарбековна және ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жасмин» бөбекжайы» ҚМҚК әдіскері Бурнашова Елена Георгиевна;

2-орын - ШҚО ББ «Үлкен Нарын ауданы бойынша Алтынбел ауылындағы «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК әдіскері Кусаинова Хабира Айтказиновна және ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Балапан» бөбекжайы» КМҚК әдіскері Седешева Евгения Константиновна;

3-орын –ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК әдіскері Курмушева Гульмира Кудайбергеновна және ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КМКҚ әдіскері Конакбаева Асел Аденбековна.

Жүлделі орын алған әдіскерлер ШҚО ББ«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен марапатталды.

Байқау жеңімпазы Қайырбаева Гүлдана Мемлетханқызының байқау материалдары республикалық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!