Үйдегі өрт қауіпсіздігі

Үйдегі өрт қауіпсіздігі

06.11.2025 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік цифрландыру және білім беруді дамыту орталығы» КММ үйде өрт қауіпсіздігі ережелеріне арналған қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін сұхбат форматында тақырыптық сабақ өткізді. Кездесудің спикері Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мәдина Сейтқамза сөз сөйледі.

Әңгіме барысында спикер сабақтың негізгі сұрақтарына жауап беріп, өрт қауіпсіздігінің маңызды аспектілерін атап өтті: пешті пайдалану, күлді жою, сіріңке мен электр құралдарын қауіпсіз қолдану. Ол пешпен жылытылатын үйлерде отпен дұрыс жұмыс істеу, пеште заттар мен аяқ киімді кептірмеу және пеш есігінің алдында ыстыққа төзімді болат парақ болуы керектігін ескертті. Қалалық үйлерде электр құралдары мен сымдардың жарамдылығын қадағалап, зарядтағыштарды түнге қалдырмау және киім мен аяқ киімді жылытқыштарға ілмеу қажет екенін айтты.

Сейтқамза Мадина кәмелетке толмағандардың кінәсінен болған өрт кезіндегі жауапкершілікке тоқталып, өрт кезінде және эвакуация барысында әрекет ету тәртібін түсіндірді.