Облыстық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған семинар

Облыстық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған семинар

2025 жылдың 5 қарашасында "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ облыстық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған "Суицид қаупін ерте диагностикалау: дабыл белгілері. Поственциялық іс-шараларды ұйымдастыру (суицид әрекетінен немесе оқиғасынан кейін балалар мен қоршаған ортаны қолдау)" атты семинарын өткізді. Семинардың мақсаты-кәмелетке толмағандар арасында суицидтік тәуекелдердің алдын алу және осы салада психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру. Семинар барысында қатысушылар профилактикалық жұмыста туындайтын себептер мен проблемаларды, профилактикалық және ақпараттық іс-шараларды құру ерекшеліктерін талқылады, дағдарысқа қарсы жоспар құру алгоритмін игерді және нақты жағдайларға негізделген практикалық кейстерді пысықтады. Оқыту екі тілде жүргізілді. Іс-шараға облыстың барлық аудандарының педагог- психологтары мен әлеуметтік педагогтары, ТжКБ- дің мамандарын қоса алғанда 70 -ке жуық мамандар қатысты. Семинар қорытындысы бойынша бұл семинар облыстың қалалары мен аудандарында каскадтық формада басқа мамандарға да өткізілетін болады.