«ШҚО ПД тарапынан өңір аумағында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар»

«ШҚО ПД тарапынан өңір аумағында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар»

Оқушылар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру шеңберінде ШҚО Білім басқармасының «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік информатизация және білім беруді дамыту орталығы өңір оқушыларына арналған кезекті сабақты сұхбат форматында өткізді.

Іс-шараның спикері – Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Малтугелов Сағатбек Қуатбекұлы. Кездесу тақырыбы: «ШҚО ПД тарапынан өңір аумағында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар».

Сұхбат барысында майор Малтугелов Полиция департаменті тарапынан жүзеге асырылып жатқан, әсіресе синтетикалық есірткілерге қарсы күрес шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Жыл басынан бері өңірде 500 килограмнан астам есірткі заты тіркіленген, оның шамамен
5 килограмы – синтетикалық заттар. Кәмелетке толмағандардың есірткі ортасына тартылуының азайғаны жөнінде оң динамика байқалады.

Назар жастарды заңсыз әрекеттерге тартудың алдын алуға және профилактикаға аударылды. Спикер есірткі жарнамасын тарататын интернет-ресурстар мен заңсыз контентті бұғаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті. Тек биылдың өзінде 900-ден астам интернет-сайт пен әлеуметтік желілердегі аккаунттар бұғатталып, сондай-ақ 480-нен астам граффити мен QR-код түріндегі есірткі жарнамалары жойылған.

Майор Малтугелов полиция мен прокуратура органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде есірткі заттарын сату арқылы алынған 117 миллион теңгеден астам қаражатқа тыйым салынғанын атап өтті. Облыста «Есірткіге жол жоқ» жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында есірткі қылмыстары туралы шынайы ақпарат берген азаматтарға сыйақы төленеді. Биыл бұл жоба бойынша 2 миллион теңгеден астам қаражат төленген.

Кездесу соңында полиция офицері есірткі заттарын пайдалану, сақтау және тарату үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды. Тіпті медициналық емес мақсатта есірткі қолданудың өзі айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкелетіні ерекше атап өтілді.

Сабақ ашық диалог форматында өтті. Іс-шара жастардың есірткі заттарын қолданудың салдары туралы хабардарлығын арттыруға және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.