
2025 жылы 31 қазан күні ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік аумағы» облыстық балалар жобалары байқауының финалы өтті. Іс-шараға мектеп көшбасшылары, балалар белсенділер бірлестігі және мектептің өзін-өзі басқару парламенті қатысты.
Байқау оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу және білім беру ортасында жағымды, қолайлы орта құру бойынша бірегей идеяларын ұсыну үшін платформа болды. Қатысушылар қолдау мен өзара түсіністік басты құндылықтар болып табылатын болашақтың қауіпсіз мектебі туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Өңір бойынша ең мықты жеті команда финалға жолдама алды. Олардың жобалары ойшылдығымен, креативтілігімен және мектеп өмірін жақсартуға деген шынайы ұмтылысымен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
I орын — «Стоп буллинг: Голоса против насилия» жобасы, Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «М. Горький атындағы негізгі орта мектебі» КММ
I орын — «Чат-бот «Online дос»: сен жалғыз емессің!» жобасы, Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Самар орта мектебі» КММ (Жоба сонымен қатар Көрермендер көзайымы сыйлығымен марапатталды.)
II орын — «Школа-Дипломат 2025» жобасы, Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» КММ
III орын —«Друг рядом» жобасы, Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Н.Островский атындағы негізгі мектеп-гимназиясы» КММ.
Достық идеяларын белсенді таратқаны және актерлік шеберлігі үшін қазылар алқасының ерекше жүлдесін «Зұлымдыққа қарсы ертегі: ертегі терапиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларында буллингке қарсы дағдыларды қалыптастыру» жобасы (ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенi» КММ) алды.
«Мектеп парламентінің белсенділігі» номинациясына бірден екі жоба ие болды: «Школа Мира: Мы вместе строим территорию безопасности» авторлары Саратова Анастасия мен Пузакова Наталья Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ және «Қауіпсіздік аумағы» жобасы авторлары Байсенова Әйгерім және Рахатова Рамила Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№26 орта мектебі» КММ.
Барлық финалистер мадақтамалар мен естелік марапаттарға ие болды, ал үздік жобалар Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында енгізуге ұсынылды.
«Қауіпсіз аумақ» финалы балалардың жай ғана бақылап қана қоймайтынын, яғни олар ойлау, сезіну және әрекет ету арқылы мектептерді мейірімділікке, адамгершілікке және қауіпсіздікке айналдыра алатынындарын тағы бір рет дәлелдеді.