
2025 жылы 31-қазанда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының тәрбие және әлеуметтік жұмыс әдістемелік бөлімі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында жеке меншік мектеп директорларының, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне арналған семинар өтті.
Семинардың мақсаты: жеке меншік мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асуына ықпал ету.
Төмендегі қалалық мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары келесі тақырыптар бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асыру тәжірибесі. Абдрахманова Аида Ержановна ШҚО ББ №46 орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
«Реализация программа воспитание «Адал азамат» в общеобразовательной школе» Борзенко Марина Анатольевна ШҚО ББ №23 М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
«Ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығы отбасы мен мектеп ынтымақтастығы» Масалова Шагала Ануарбековна ШҚО ББ №47 орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
«Реализация программы воспитания «Адал азамат» как средство формирования гражданских и нравственных ценностей учащихся» Черкасова Наталья Вальеревна «Көп салалы №37 орта мектеп» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Іс-тәжірибемен бөліскен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына сертификаттар табысталды.