
Бір ғасырлық тарихы бар, талай тұлға түлеткен қасиетті білім ордасы бүгін ерекше мерекесін атап өтті. 💫
Мерекеге ШҚО Білім басқармасы мен Зайсан ауданы әкімдігі өкілдері, ардагер ұстаздар, ата-аналар, түлектер және құрметті қонақтар қатысып, жылы лебіздерін білдірді. 🌺
🎁 Облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың атынан мектепке заманауи STEM кабинетін жабдықтауға сертификат табысталды — бұл оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы! 🚀
🏫 42 жыл бойы осы мектепте абыроймен еңбек еткен Мукарама Ғазизқызының ұрпақтары мұражайды жаңғыртып, ұстаздың өнегелі өмірін ұлықтады.
🏟️ Сондай-ақ мектептің спорт залы «Қазақстан халқына» қорының «100 ауылдық балалар спорт залы» жобасы аясында жабдықталды. ⚽
Мерекеге қатысушылар мектеп ұжымына зор алғыс айтып, шәкірттерге биік белестер мен жарқын болашақ тіледі. 💐
💙 Ұжымға — табыс, шәкірттерге — биік белес, мектепке — жаңа жетістіктер тілейміз!