
2025 жылғы 31 қазанда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Үздік ауыл мұғалімі-2025» облыстық байқауын өткізді.
Мақсаты – облыстың шағын жинақталған мектептерінде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерін анықтау, ынталандыру және қолдау, мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибесін тарату, сонымен қатар оқытудың сапалы деңгейін арттыру.
Байқауға Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Марқакөл, Самар, Ұлан, Тарбағатай, Үлкен Нарын аудандарынан және Өскемен қаласынан шағын жинақталған мектептердің 12 мұғалімі қатысты.
Қатысушылар байқаудың ережесіне сәйкес «Мен - заманауи білім беру педагогімін» 1-кезеңінде қатысушылар өздерінің жетістіктерімен таныстырды, 2- кезеңінде «Шағын жинақты мектептегі үздік сабақ» - бейнежазба сабағын көрсетті.
Конкурс комиссиясының шешімі бойынша байқау жүлдегерлері анықталды:
І орын – Омиртаева Айжан Темирхановна, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұжықсу негізгі орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
ІІ орын – Рахиманова Алтынай Серикхановна, Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Андрей Сумин атындағы орта мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі;
ІІ орын – Хадиева Меруерт Муратовна, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «А. Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
ІІІ орын – Мергазина Назым Кадыржановна, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Рыков атындағы орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Камытпаева Мира Ергазиевна, Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Солоновка орта мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын - Укиртаева Динар Оралбековна, Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қайнарлы негізгі орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын - Шәрәпиева Әлия Әнуарбекқызы, Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратоғай орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
Номинация иегерлері:
«Жаңашыл педагог» - Рыженков Александр Владимирович, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Трофим Клименко атындағы орта мектеп–балабақша кешені» КММ математика пәні мұғалімі;
«Білімді педагог» - Бейсенбай Кулаш, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Малоубинка орта мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі;
«Шығармашыл педагог» - Кабдрахманова Айнагуль Болатовна, Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Амангельді атындағы орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
«Креативті педагог» - Панарина Марианна Геннадьевна, Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Бутаков ауылының негізгі орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі;
«Ізденімпаз педагог» - Кабидуллинова Виктория Витальевна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ново-Троицк негізгі орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Жеңімпаздар дипломдармен және мадақтамалармен марапатталды. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!