
2025 жылғы 31 қазан күні күзгі каникул мектебі жұмыс жоспарының аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік- семинар өткізді. Семинарға Риддер қаласының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.
Іс-шара британдық Macmillan Education баспасымен бірлесе ұйымдастырылып, «Innovative Approaches in Teaching: Storytelling as a Tool of Improving Speaking Skills» «Оқытудағы инновациялық тәсілдер: әңгімелеу – ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру құралы ретінде» тақырыбына арналды.
Спикер ретінде баспаның әдіскері Кибатбаева Марина Владимировна тәжірибесімен бөлісіп, білім беру үрдісінде сторителлинг (әңгімелеу техникасы) әдісін қолданудың заманауи тәсілдері мен практикалық құралдарын ұсынды.
Қатысушылар интерактивті тапсырмалар, шығармашылық әңгімелеу және өз оқиғаларын құрастыру арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістермен танысты.
Педагогтер спикердің кәсібилігін, тақырыптың өзектілігін және ұсынылған материалдың практикалық маңыздылығын жоғары бағалады. Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және шетел тілдерін оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.
Семинар соңында қатысушыларға Macmillan Education баспасынан сертификаттар мен әдістемелік материалдар табысталды. Шараға ағылшын тілі пәнінің 40 мұғалімі қатысты.