
2025 жылы 30 қазан күні ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми- әдістемелік орталығының күзгі демалыс мектебінің жоспарына сәйкес «9-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында қауымдастықтың отырысы өткізілді.
Мақсаты - 9-11 сынып оқушыларын қорытынды аттесттауға сапалы дайындау үшін заманауи педагогикалық технологиялар мен тиімді оқыту әдіс –тәсілдерін қолдану жолдарын талқылау және тәжірибе алмасу.
Шара аясында Өскемен, Глубокое, Ұлан аудандарының мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, аттестаттауға дайындықта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды. Қатысушылар тест тапсырмаларын талдау, оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, психологиялық дайындықты күшейту мәселелерін қарастырды. Білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдануға ерекше назар аударылды.
Шара соңында қатысушылар аттесттауға дайындаудың жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылдап, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарлады. .
Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқыту орыс тіліндегі мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.