Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылдың 14 қазанында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Негізгі мақсаты – туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.
Конкурсқа мектепішілік және аудандық/қалалық кезеңдерде іріктеуден өткен, туған өлкенің тарихын зерделеуге, рухани және мәдени құндылықтарын сақтауға қызығушылық танытқан 9-10 сыныптардың 92 оқушысы қатысты.
Байқау қашықтық форматта және онлайн режимінде 2 кезеңде өткізілді:
1 кезең-Қазақстан тарихы бойынша қашықтықтан тестілеу.
Қатысушылардың жұмыстарын құрамында облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, атқарушы билік органдарының өкілдері бар қазылар алқасы бағалады.
Байқау жеңімпаздары 2020 жылдың 3-5 қарашасында онлайн режимде өтетін байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.
Байқау қорытындысы бойынша 45 оқушы жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломдармен – 4 оқушы, ІІ дәрежелі – 18 оқушы, ІІІ дәрежелі - 23 оқушы марапатталды.
Жеңімпаздар тізімін www.shyqysdaryn.kz сайтынан көруге болады
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!