«Жаңа мектеп: жаңа мүмкіндіктер, жаңа технологиялар» облыстық семинары

«Жаңа мектеп: жаңа мүмкіндіктер, жаңа технологиялар» облыстық семинары

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 30 қазанында, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМКҚ педагогтерінің тәжірибесін тарату мақсатында, ұйымның 45 жылдығына орай, «Жаңа мектеп: жаңа мүмкіндіктер, жаңа технологиялар» облыстық семинарын өткізді.

Семинарға облыстың балалар музыка мектептерінің және басқа да қосымша білім беру мекемелерінің музыка бағыты бойынша директорлары мен педагогтері қатысты.

Семинар барысында педагогтер төмендегі тақырыптарда ашық сабақтар, шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті: «Шеберлік сыныбы: «Тамыры терең, үні мәңгі көне аспаптар»; «Ұзақ және қысқа дыбыстарды қабылдау үдерістерін дамыту және ЖИ қолдану үрдісі»; «Ықылас Дүкенұлы «Жезкиік» шығармасын заманауи бағытта орындау»; «Қиялды сахнаға шығару: импровизация және ЖИ генерациялаған бейне/сурет»; «ЖИ мен үш ішекті домбыраны оқытудағы инновациялық тәсілдердің тиімді жолдары»; «Интеграция элементов хореографии в работе с ансамблем на уроке фортепиано с использованием ИКТ»; «Интерактивный ансамбль: фортепиано и виртуальные инструменты»; «Жасанды интеллект пен вокалдық педагогика: тоғысқан тұстары мен мүмкіндіктері»; «Домбыра үйрету жүйесіндегі инновациялар: жеке, сүйемелдеуші және ансамбльдік орындау»; «Учимся играя: игровые технологии, как средство формирования интереса и мотивации младших  школьников, в классе скрипки с применением ИИ»; «Әуезді әлем: қасықпен музыкалық композиция жасау әдіс-тәсілдері»; «Национальные орнаменты в казахском танце с использованием инновационных технологий»; «ЖИ - шығармашылық серігім: баян үйренудегі жаңашыл әдістер»; «Использование элементов «Боди PERCUSSION» по дисциплине «Вокал» в учебном процессе ДМШ»; «Сүйемелдеуші (Концертмейстер) тапшылық жерлерде ноталық редакторды пайдалану арқылы болашаққа бағдарлау»; «Жетіген аспабы мен ЖИ технологияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту»; «Көне аспаптар шеруі ЖИ тоғысында. Байжігіттің күйі «Көксерке»; «Қосымша білім берудегі оқытушының ЖИ - мен дыбыс үндестігін қолдана білуі»; «Развитие техники игры на деревянных духовых инструментах с применением ИИ»; «Традиции и инновации в работе с хоровым коллективом»; «Музыка әдебиеті және сольфеджио: жасанды интеллект әлемін қолдану» – кіріктірілген сабақ», «От степей к вершинам искусства: Қара жорға во фьюжн-стиле с латиной, хип-хопом и грузинским танцем», «Оқу мен тәрбие үдерісіндегі цифрлық трансформация: дәстүрлі тәжірибеден инновацияға»; «Цифровая трансформация в учебно-воспитательном процессе: от традиционного опыта к инновациям»; «Балалардың шығармашылығын дамытудағы саундтректердің маңызы».

Семинар жұмысы оқушылардың шығармашылық концертімен аяқталды.

Семинарға қатысушылар, жаңа құрылғылар, жаңа аспаптар, жаңа технологияларды қолдана отырып, тақырыпқа сай өткен сабақтарға жоғары баға беріп, заманауи тұрғыда салынған жаңа мектептен ерекше әсермен қайтты.