
2025 жылғы 30 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы, күзгі каникул шараларын өткізу жоспарына сәйкес, жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Үздік педагог - 2025» облыстық байқау жеңімпаздарының іс-тәжірибесін тарату мақсатында, «Үздіктен үйрен» онлайн семинарын өткізді.
Шараға Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беретін мектептердің 100-ден астам педагогтері қатысты.
Байқау жеңімпаздары шеберлік-сынып көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті:
-Акыбаева Назигуль Ниязбековна, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектеп» КММ, педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Заманауи білім беру: оқушы белсенділігін арттырудың тиімді әдістері».
-Альпатина Самал Бейбитшиликовна, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ, педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру: тіл тазалығы және сөз дұрыстығы».
-Насир Ануар, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, педагог-зерттеуші, физика пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Мега өсудің сыры».
-Муратова Еркежан Кумаркановна, ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ, педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Педагогтің рөліне жаңа көзқарас».
Қатысушылар өз пікірлерінде семинардың өте тиімді өткенін, қажетті ақпараттар алынғанын және кәсіби өсу үшін мұндай тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушылар мен баяндамашыларға алғыстарын білдірді.