
2025 жылғы 30 қазанда күзгі каникулдық мектеп жұмысы жоспары аясында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Örken» білім беруді дамыту және цифрландыру өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы Марқакөл ауданының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудағы жасанды интеллекттің тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныбын ұйымдастырды.
Шеберлік сыныбын ағылшын тілі сабақтарына жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі облыстық жұмыс тобының мүшелері, тренерлер Абраимова Еркежан Мұратханқызы мен Мырзаболқызы Аяулым өткізді.
Іс-шара барысында педагогтер тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллект платформаларының мүмкіндіктерімен танысты.
Сондай-ақ білім беру үрдісінде жасанды интеллект технологияларын кіріктірудің практикалық мысалдары, интерактивті тапсырмалар мен оларды қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар берілді.
Қатысушылар шеберлік сыныптың өзектілігін атап өтіп, ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру мақсатында ұсынылған технологияларды өз педагогикалық тәжірибелерінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.