«Оқушының математика, физика, информатика пәндерінде жасанды интеллект арқылы креативті ойлауын дамыту» тақырыбындағы облыстық семинарының қорытындысы

«Оқушының математика, физика, информатика пәндерінде жасанды интеллект арқылы креативті ойлауын дамыту» тақырыбындағы облыстық семинарының қорытындысы

2025 жылғы 28 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ күздік демалыс жылдық жоспарына сәйкес «Оқушының  математика, физика, информатика пәндерінде жасанды интеллект арқылы креативті ойлауын дамыту» тақырыбында облыстық семинарын өткізді.

 Семинар Өскемен қаласы  №48 жалпы  білім беретін  мектебінің базасында қазақ тілінде өтті. Семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 30-дан астам математика, физика, информатика пәнінің мұғалімдері қатысты

Сабақтың мақсаты – жаратылыстану бағытының пәндерінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың креативті және сыни ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын қарастыру.

Бүгінгі облыстық семинарда жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу, оны математика, физика және информатика пәндерінде оқушылардың креативті және сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында қолдану жолдары қарастырылды. Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің оқу процесіндегі тиімділігі, оқушының зерттеушілік белсенділігін арттырудағы рөлі және мұғалімдердің заманауи цифрлық құзыреттілігін дамыту мәселелерін талқылады.

Іс-шара аясында №48 мектептің математика, физика, информатика пәндерінің педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер сабақтарында онлайн платформалар мен цифрлық ресурстарды пайдаланып, әр түрлі ЖИ құралдарын  қолдана отырып, Padlet тақтасы, ChatGPT, Canva, GeoGebra, WolframAlpha Google Earth, Google Forms, Google Gemini, Microsoft Copilot, QuizWizard, AI платформаларын пайдаланып, креативті ойлауды дамытатын шебер – сыныптар мен сабақтар  өткізді. Семинар соңында қатысушылар білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану – оқушыларды заманауи қоғамның сұранысына сай ойлай алатын, шығармашылықпен әрекет ететін тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды қадамы деген ортақ пікірге келді.

Семинар нәтижесінде педагогтарға оқу үдерісінде инновациялық әдістерді енгізу, цифрлық ресурстарды ЖИ құралдарын тиімді пайдалану және оқушылардың креативті ойлауын дамыту бағытында нақты ұсыныстар берілді. Тәжірибелік бөлімде қатысушылар өздерінің озық әдістемелік тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллектке негізделген интерактивті тапсырмалар мен цифрлық құралдардың үлгілерін ұсынды.

Қатысушылар іс-шараның практикалық бағыттылығын және мазмұндық жағынан қамтылуын, білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы жағдайында оның өзектілігін, сондай-ақ ұсынылған материалдардың өз кәсіби қызметтеріне әрі қарай енгізу үшін пайдалы болғанын атап өтті.