«Жаңа мектеп: жаңа мүмкіндіктер, жаңа технологиялар» облыстық семинарының баспасөз хабарламасы

«Жаңа мектеп: жаңа мүмкіндіктер, жаңа технологиялар» облыстық семинарының баспасөз хабарламасы

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 30 қазанында, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМКҚ педагогтерінің тәжірибесін тарату мақсатында, ұйымның 45 жылдығына орай, «Жаңа мектеп: жаңа мүмкіндіктер, жаңа технологиялар» облыстық семинарын өткізеді.

Іс-шараға облыстың балалар музыка мектептерінің және басқа да қосымша білім беру мекемелерінің музыка бағыты бойынша директорлары мен педагогтері қатысады.

Семинар барысында педагогтер өздерінің үздік тәжірибелерін, жұмыстарын көрсетіп, шебер-сыныптар, ашық сабақтар жүргізіліп, баяндамалар жасалады.

Семинарға 100 ге жуық педагог қатысады.

Өтетін күні және уақыты: 2025 жыл 30 қазан.

Басталуы: сағат 9.00-ден.

Өтетін орны: ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМКҚ, Қасым Қайсенов кенті, Нұржау көшесі, 2.