
2025 жылдың 24 қазанда «Үздік педагог-2025» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды.
Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды, соның ішінде 4 мұғалім Шығыс Қазақстан облысынан:
Муратова Еркежан Кумаркановна, педагог-шебер, ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
Сахарова Галина Николаевна, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
Ибатаева Индира Айтахметовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
Аймухамбетова Гульназ Ахметовна, педагог-зерттеуші, арнайы пәндер оқытушысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК.
«Үздік педагог» атағының иегерлеріне республикалық бюджет есебінен 1000 АЕК көлемінде сертификат және төсбелгі табысталды.
«Үздік педагог – 2025» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарына куәлік және 300 АЕК көлемінде сыйақы беріледі. Олар:
Ануар Насир, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, физика пәні мұғалімі;
Ахаева Наталья Васильевна, педагог-зерттуші, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ қосымша білім беру педагогы;
Акыбаева Назигуль Ниязбековна, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
Сейтказинова Бибигуль Мырзагалиевна, педагог-шебер, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектеп» КММ, химия пәні мұғалімі;
Альпатина Самал Бейбитшиликовна, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
Республикалық конкурстың жеңімпаздарын лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!