Қаржылық сауаттылық – бүгінгі күннің басты талабы

Қаржылық сауаттылық – бүгінгі күннің басты талабы

Қазіргі таңда қаржылық сауаттылық тек ересек адамдар үшін ғана емес, жас ұрпақ үшін де аса маңызды қажеттілікке айналды.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы мен Білім министрлігі бірлесіп, «Адал азамат» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттырумен қатар, салық мәдениеті мен адалдық, азаматтық жауапкершілік қағидаларын санасына сіңіруге бағытталған.

2025 жылдың 24 қазанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Zoom платформасы арқылы ауқымды ақпараттық-түсіндіру шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға 8–11 сынып оқушылары, педагогтар мен ата-аналар қатысты.

Облысымыздың барлық аудандарын қамтыған онлайн кездесуге жалпы саны 1000-нан астам адам қосылды.