Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы, «Феникс жас мұғалімдер клубы» жұмысының аясында, 2025 жылғы 23 қазанда Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» тақырыбында жас педагогтерге арналған облыстық форум өткізді.
Форумның мақсаты – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында жас мұғалімдерге педагогикалық кәсіптің табыстылығына бағдар беру, кәсіби даму мен әл-ауқатын арттыруға ынталандыру.
Форумға ШҚО білім басқармасының, облыстық әдістемелік орталығының өкілдері, ШҚО жалпы білім беру ұйымдарының 124 жас мұғалімі қатысты.