II дәрежелі ұзақ қолайсыз метеожағдайларға (ҰМУ) байланысты 2025 жылғы 24 қазанда Өскемен қаласының барлық мектептерінде оқыту қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Шешім "Қазгидромет" РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының ресми хаты негізінде және қала әкімдігі мен білім басқармасының келісімі бойынша қабылданды.