«Үздік кітапханашы - 2025» облыстық байқауы

«Үздік кітапханашы - 2025» облыстық байқауы

2025 жылдың 22 қазанында республикалық кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік кітапханашы - 2025» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың облыстық кезеңіне 8 мектеп кітапханашылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен номинанттар марапатталды:

I дәрежелі дипломмен – Зайсан ауданының «Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ кітапханашысы Солташова Айзат Жанатқызы;

II дәрежелі дипломмен – Тарбағатай ауданының «Қ. Ақынов атындағы орта мектеп» КММ кітапханашысы Берікбекова Ақмарал Берікбекқызы;

II дәрежелі дипломмен – Ұлан ауданының «Қанай орта мектебі» КММ кітапханашысы Бисенхан Сағым;

III дәрежелі дипломмен – Алтай ауданының «Первороссийская орта мектебі» КММ кітапханашысы Ханина Елена Брониславовна;

III дәрежелі дипломмен – Күршім ауданының «Қаратоғай орта мектебі» КММ кітапханашысы Нурумова Калияш Дуйсенбаевна;

III дәрежелі дипломмен – Самар ауданының «Абай атындағы орта мектебі» КММ кітапханашысы Ағзан Сәуле Ағзанқызы;

«Өз ісінің шебері» номинациясымен – Глубокое ауданының «Быструшинская орта мектеп-балабақша» кешені» КММ кітапханашысы Краснощёкова Светлана Григорьевна;

«Белсенді кітапханашы» номинациясымен - Марқакөл ауданының «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ кітапханашысы Зайнолданова Арайлым Асанкызы.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды және облыстық кәсіподақ ұйымының және «Örken»  әдістемелік орталығының сыйлықтарына ие болды.

Байқау жеңімпаздары мен номинанттарын құттықтаймыз және одан әрі жемісті еңбек тілейміз!