«Үздік педагог» республикалық конкурсы

«Үздік педагог» республикалық конкурсы

«Үздік педагог – 2025» республикалық конкурсы аясында ерекше жетістікке жеткен педагогымызды қуана атап өтеміз!
«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы Аймуханбетова Гүлназ Ахметовна «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.
Бұл — жоғары кәсібиліктің, үздік әдістемелік шеберліктің және педагогикалық еңбектің лайықты бағалануы.
Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық өрлеу, барлық мақсаттарға жету үшін зор күш-қуат тілейміз!
«Үздік педагог -2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2025 жылдың 24 қазанында Астана қаласында өтеді.