Өтетін күні: 23 қазан 2020 ж. қашықтық форматта
Ұйымдастырушы: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО
2020 жылдың 23 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізіндегі «Тәрбие және білім» бағдарламасының республикалық «Ұстаз өзгерістер елі» жобасы негізінде «Ұстазым-мақтанышым» жобасын жүзеге асыру аясында «Ең үздік жыл психологы 2020» облыстық байқауы өтеді.
Ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы болып табылатын іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаз психологтары қатысады. Облыстық байқаудың қазылар алқасының жұмысы онлайн форматта ұйымдастырылады.
Іс-шараның медиалық мақсаты: кәсіби құзыреттілікті оңтайлы меңгергенін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.
Байланыс:
Ардақ Құрманғазықызы Кубентаева,
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы
кабинеті меңгерушісінің м.а.
+7 777 382 50 29, 8 /7232/ 74 25 50