
2025 жылдың 15-17 қазан күндері Алматы қаласында Инклюзивті білім беру жөнінде «World Inclusion Congress – WIC 2025» Бірінші Дүниежүзілік конгресс өтуде.
Конгреске 40 елден 1200-ден астам делегат олар-министрлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен жетекші университеттердің зерттеу орталықтарының және Ed Tech компаниялардың өкілдері келген.
Айтулы шараға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы- Окасов Куат Барысұлы, сондай ақ білім басқармасының, облыстық әдістемелік орталықтың, университеттің өкілдері мен жалпы, арнайы білім беру ұйымдарының, ҮЕҰ басшылары және ата-аналар қатысуда.
Шара еліміздің барлық өңірлерінен келген 3500-ден астам мамандардың басын біріктірді.
Конгресстің бірінші күнінде іс жүзіндегі тәжірибелерге, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізуге тоқталып, «Инклюзивті білім берудегі жаһандық үрдістер: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, дөңгелек үстел аясында қабылданатын Алматы декларациясының жобасы талқыланды.
Конгресстің бірінші күні ИНКЛЮЗИЯ - тек бағыт емес, бүкіл әлемнің жүректерін, идеялары мен күш-жігерін біріктіретін қозғалыс екенін көрсетті!