«Үздік дене шынықтыру педагогі-2025» облыстық байқауының баспасөз хабарламасы

«Үздік дене шынықтыру педагогі-2025» облыстық байқауының баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың 20-21 қазан күндері «Үздік дене шынықтыру педагогі-2025» облыстық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық қызметіндегі шығармашылық пен жаңашылдықты қолдау, білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын насихаттауды жандандыру, сондай-ақ оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеруге ықпал ету, байқау арқылы озық тәжірибелерді анықтап, тарату.

Байқаудың деңгейі: облыстық

Форматы: офлайн.

Өткізу уақыты: 2025 жыл 20-21 қазан.

Облыстық кезеңге аудандық/қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары қатысады.

Жауапты: Нұрқұжат Тілек, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің әдіскері, 87788493033