«Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар»

«Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар»

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 10 қазанында ШҚО балабақша педагогтерінің облыстық IV Слёті өтті.

Слёт балабақша басшылары мен педагогтерінің қызметіне қолдау көрсетуге; кәсіби ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнатуға; педагогикалық қызметтің беделін кеңейтуге бағытталды.

Слёттің бірінші бөлімінде қатысушыларға арналып Зайсан қаласының «Ертөстік», «Еңлік», «Алтай шың» балабақшаларында тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылып, Зайсан ауданының мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтері озат тәжірибелерімен бөлісіп, шеберліктерін көрсетті.  Сондай ақ Слёт барысында облыстың аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі сала бойынша әдіскерлері Зайсан қаласында жаңа «Сауыр» жалпы орта білім беретін мектебінде бас қосып, облыстағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылады.

Слёттің негізгі бөлімінде Зайсан ауданының бүлдіршіндері «Бақытты балалық шақ» атты музыкалық сәлемдерінен ән-шашу жолдап, шараны ұйымдастырушы ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру әдістемелік бөлімінің әдіскері А.Қ. Қырықбаева  құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Арнайы шақырылған облыстың мектепке дейінгі тәрбие саласының ардагерлеріне сіңірген еңбектері, қоғам алдындағы өлшеусіз еңбектері және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері үшін Алғыс хаттар табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Слётті әрбір аудан-қалалардан келген командалар өздерін таныстырумен жалғастырып, «Мектеп жасына дейінгі балаларға кәсіби бағдар беруде инновациялық әдістерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбындағы үй тапсырмаларын қорғады.  

Слёттің салтанатты жабылуында тәуелсіз сарапшылар марапаттау рәсімін жүргізіп, үздіктерді анықтады:

Бас жүлде - Өскемен қаласы;

1-орын - Үлкен Нарын, Алтай, Зайсан аудандары;

2-орын - Катонқарағай, Ұлан аудандары;

3-орын - Риддер қаласы, Күршім, Тарбағатай аудандары;

“Өжет команда” аталымы Марқакөл ауданы, “Шығармашыл команда” аталымы  Глубокое ауданы, “Ұйымшыл команда” аталымы Самар ауданына берілді.

Слёт шараларына белсенді қатысқан педагогтер мен командалар алғыс хаттар, мадақтамалармен марапатталды. Слётке қатысушылармен кері байланыс орнатылып, пікірлері тыңдалды.

Слёт жұмысын ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру әдістемелік бөлімінің әдіскері А.Қ. Қырықбаева қорытындылап,  еңбектеріне табыс тіледі. Шараға Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі мекемелерінің 200 педагогтері қатысты.