Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар

Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар

2025 жылғы 9 қазанда ШҚО білім басқармасы Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығымен бірлесіп, колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен психологтарына «ТжКБ ұйымдарында суицидтің алдын алу және оның салдарын болдырмау бойынша кешенді жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының негізгі себептері, талдау әдістері мен алдын алу шаралары қарастырылды.