Ауған соғысы ардагерлері ұйымының қатысуымен оқушылар мен жастарға идеологиялық және патриоттық тәрбие беру бойынша әдістемелік құрал әзірлеуге арналған дөңгелек үстел

Ауған соғысы ардагерлері ұйымының қатысуымен оқушылар мен жастарға идеологиялық және патриоттық тәрбие беру бойынша әдістемелік құрал әзірлеуге арналған дөңгелек үстел

Бүгін Ауған соғысы ардагерлері ұйымының қатысуымен оқушылар мен жастарға идеологиялық және патриоттық тәрбие беру бойынша әдістемелік құрал әзірлеуге арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара өскелең ұрпақтың адамгершілік, азаматтық және патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында әдістемелік құралдың мазмұнына қатысты тәсілдер, оқушылармен жұмыс істеу формалары және ардагерлердің жауынгерлік әрі өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізудегі рөлі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша әдістемелік құралдың негізгі тақырыптық блоктары айқындалып, іске асыру формалары келісілді. Сондай-ақ тәрбиелік жұмыста бірізділік пен жүйелі идеологиялық тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.