«Жаңа дәуір ұстазы: интеллект, еңбек және адалдық» мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара

«Жаңа дәуір ұстазы: интеллект, еңбек және адалдық» мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен «Жаңа дәуір ұстазы: интеллект, еңбек және адалдық» мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамыту институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, әлеуметтік серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

Мереке қонақтары мектеп оқушылары және Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж студенттерінің көркем шығармашылығы көрмесін, Тарбағатай ауданының Балалар өнер мектебінің шығармашылық көрмесін және Өскемен қаласы кітапханалары мен кітап дүкендерінің оқу және көркем әдебиет көрмесін тамашалады.

 Сондай ақ фойеде арнайы мұғалімдер күніне дайындалған «Біздің құттықтауларымызды қабыл алыңыздар» бейнероликтер байқауының жеңімпаздарының жұмыстары мен 2024-2025 оқу жылының білім саласындағы жетістіктері туралы арнайы мерекелік ақпараттық бюллетень таныстырылды.

Мерекелік шара аясында білім беруді дамытуға қосқан көп жылғы үлесі үшін Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары: 13 педагогке - «Еңбек ардагері» медалі, 4 педагогке - «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, 13 педаогке - «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 25 педагогке – Құрмет грамотасы және 24 педагогке  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамотасы мен алғысы   табысталды.

2024-2025 оқу жылының рейтинг қорытындысы бойынша білім басқармасының дипломдарымен «Жалпы орта білім бойынша Үздік білім бөлімі - 2025» иегері Үлкен нарын аудандық білім бөлімі және 2025 жылдың үздік колледжі атанған Өскемен жоғарғы политехникалық колледжі   марапатталды.

Мерекенің арнайы шақырылған құрметті қонақтарына, білім беру саласының ардагерлері мен облыс педагогтеріне арнайы дайындалған концерттік бағдарламасы ұсынылды.