Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академиямен онлайн-кеңесте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шығыс" өңірлік орталығының облыстық пән мұғалімдері қауымдастықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Жұмыс тәжірибесінің тұсаукесерінде "Шығыс" өңірлік орталығы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Т. Нұрқанова әдістемелік орталықтың пәндік қауымдастықтармен желілік өзара іс-қимыл жүйесі, жұмыс бағыттары мен нысандары туралы ақпаратпен бөлісті. Мысал ретінде 2020 жылдың қыс мезгілінде қауымдастықтың каникулдық мектебін ұйымдастыру фрагменті талданды, қашықтықтан оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар жасалды.
С. Ю. Тинкова жетекшілік еткен облыстық бастауыш сынып педагогтері қауымдастығының жұмыс тәжірибесі аталып, нәтижелі болғандығы айтылды.
Қауымдастықтардың жұмысы шектеу шараларына байланысты ағымдағы оқу жылында қашықтықтан өзара іс-қимыл форматында жалғастырылатын болады.