
Кездесу барысында орталықтың әдіскерлерімен өңір мектептері оқушылары арасында бұқаралық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, облыс аумағында облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізу мүмкіндіктері талқыланды. Мектеп спортының әлеуетін кеңейту, білім беру ұйымдары мен спорттық мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жұмыс барысында Н. А. Дрейт Алтай ауданына қарасты Серебрянск қаласының мектептеріндегі дене шынықтыру сабақтарына қатысты.
Іссапар қорытындысы бойынша оқу үдерісін жетілдіру және өңірдегі мектептер мен спорт ұйымдары арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту бағытында әдістемелік ұсыныстар берілді.