
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың 29 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Үздік абайтану кабинеті-2025» облыстық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: абайтану кабинеттерінің жай – күйін бақылау, «Абайтану» вариативті сағатының маңыздылығын арттыру, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу, іс-тәжірибелерін тарату.
Байқауға Шығыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің қазақ және орыс тілінде оқытатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдері қатысады.
Байқаудың деңгейі: облыстық
Форматы: онлайн.
Өткізу уақыты: 2025 жыл 29 қыркүйек.
Облыстық кезеңге аудандық/қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары қатысады.