«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 02 қазаннан 03 қараша аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда берілген телефон нөмірлері немесе электронды пошта арқылы хабарласа аласыз: тел. 8(7232) 702-361, 8(7232) 702-362, эл. пошта bilim@akimvko.gov.kz , Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 59/1
Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.