«Тәрбиелеу - білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру»

«Тәрбиелеу - білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру»

2025 жылдың 8-17 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының және ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтерге арналған білім жетілдіру курсы өткізілді.

Курсқа облысымыздың мектепке дейінгі ұйымдарының 120 тәрбиешісі қатысып, білімдерін жетілдірді.

Қатысушылармен жүргізілген курстың теориялық бөлімінде Балаларды ерте дамыту институтының мамандары дәрістер берді. Практикалық бөлімі ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ, ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан», №3 «Балбөбек», №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайлары» КМҚК базаларында тәжірибелік алаңдар түрінде өткізілді.

Тәжірибелік алаңдар барысында тәрбиешілер ойын арқылы оқытудың тиімді жолдарын, инновациялық әдістерді, балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін көріп, аталған балабақша педагогтерінің озат тәжірибелерімен танысып, тәжірибе алмасты. Кеңістікті бағдарлай отыра, дамытушы ойын орталықтарын құру бойынша әдістемелік кеңестер алып, практика жүзінде жабдықтау түрлерімен танысты.   

Шара соңында педагогтермен кері байланыс орнатылып, пікір алмасылды. Қатысушылар өз кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алғандарына, курстың жоғары деңгейде өткеніне ризашылықтарын білдірді.