2025 жылы 10 қыркүйек күні ШҚО білім беру мекемелері мен ТжКБ ұйымдарында Қазақстандағы Отбасы күніне арналған іс-шаралар өтті.
Осы күн аясында білім беру ұйымдарында оқушылардың ата аналарымен «Эмпатия-отбасында қарым-қатынас орнату тәсілі» тақырыбы бойынша кездесулер өткізілді.
Кездесудің мақсаты: ата-аналарға балаларының қажеттіліктерін тереңірек түсінуге көмектесу, сенімді және сыйластық қарым-қатынас орнатуды үйрену, сондай-ақ отбасында өзара түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастыру.
Барлығы: 291 іс-шара өткізілді,10831 ата-ана қамтылды.
Эмпатия - бұл үйлесімділік пен отбасылық құндылықтарды нығайтудың кілті!