Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау және білім беру ұйымдарының мемлекеттік рәміздерін стандарттарға сәйкестендіру мақсатында Самар ауданы бойынша білім бөлімімен бірлесе отырып, 2025 жылдың 10 қыркүйегінде Самар ауданының білім беру ұйымдарына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануда заң бұзушылықтардың алдын алу» және «Білім беру ұйымдардағы мемлекеттік рәміздердің стандарттарға сәйкестігі» тақырыптары бойынша жалпы құқықтық оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің бас маман-заңгері Д. Калдыбаев білім беру ұйымдарында білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, электрондық цифрлық қолтаңбаны дұрыс қолдану, заң бұзушылықтың алдын алу, заңдамада көзделген жауапкершілік, білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздерді Қазақстан Республикасының ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандартына, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартына сәйкестендіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.