«Жасанды интеллектті педагогикаға интеграциялау: азаматтық пен кәсіби дағдыларды дамыту» аймақтық пәндік интерактивтік алаңдар

«Жасанды интеллектті педагогикаға интеграциялау: азаматтық пен кәсіби дағдыларды дамыту» аймақтық пәндік интерактивтік алаңдар

2025 жылғы 22 тамызда педагог қызметкерлердің «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» облыстық тамыз кеңесі аясында «Жасанды интеллектті педагогикаға интеграциялау: азаматтық пен кәсіби дағдыларды дамыту»атты аймақтық пәндік интерактивтік алаңдары ұйымдастырылды.
Алаңның бірінші бөлімінде педагогтердің үздіксіз кәсіби өсуінің негізгі құралы ретінде жаңа аттестаттау жүйесі «Ұстаз» платформасы, жұмысшы мамандықтарына тұрақты қызығушылығын дамытудың базалық факторы ретінде әлеуметтік әріптестік, «Ата-ана – мектеп – адал ұрпақ» үштік одағы, оқушылардың білім сапасын арттыру, оқу үдерісін басқарудағы тиімді тетіктер ретінде цифрлық құралдары туралы мәселелер қарастырылды.
Шараның екінші бөлімдегі 25 пәндік секция отырысына (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, бастауыш сынып, ЖМБ, ҚГБ, дене шынықтыру, АӘжТД мұғалімдері, директорлардың орынбасарлары, психологтер, кітапханашылар, арнайы, инклюзивті және қосымша білім беру педагогтері, әдіскерлер, директорлар, директорлардың орынбасарлары, педагог-кәсіби бағдар беруші) 1200 адам қатысты. Тәжірибелі педагогтер тәжірибелерімен бөлісті, «2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хат талқыланып, жаңа оқу жылына бірнеше міндеттер айқындалды.
Барлық педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы сіздерге көптеген қуанышты және мағыналы сәттерді, жаңа жеңістер мен жетістіктер әкелсін. Шыдамдылықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Биылғы жылы шығармашылық табыстарға толы болсын!