Тамыз айы – жаңа оқу жылының тынысын сезінетін, бағыт-бағдарымызды айқындайтын ерекше кезең.
2025 жылғы тамыз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінің даму перспективалары таныстырылды.
📌 Мектепке дейінгі білім беру
•Облыста 212 балабақша мен 176 шағын орталық жұмыс істейді.
•Балаларды қамту деңгейі – 99,2%.
•Дегенмен, кезекте 2,6 мың бала тұр. Бұл мәселені шешу үшін биыл 1 500-ге жуық жаңа орын ашылады.
•Педагогтердің біліктілігін арттыру жалғасуда, жыл соңына дейін жаңа құзыреттілік орталықтары іске қосылады.
📌 Орта білім
•2025–2026 оқу жылында 347 мектепте 99 мыңнан астам оқушы білім алады, оның ішінде 9 729 – бірінші сынып оқушылары.
•Білім сапасы 70,1%-ға жетті (+2,2% өсім).
•Оқушылардың олимпиадалық және халықаралық жетістіктері артуда.
•Дегенмен, өңірде 104 мұғалім жетіспейді. Бұл мәселені «Мобильді және Цифрлық мұғалім» жобалары арқылы шешу көзделген.
📌 Әлеуметтік қолдау
•Фонд «Всеобуч» – 7,1 млрд теңге.
•20 мыңнан астам бала мектеп формасымен қамтылды, тегін ыстық тамақпен 49 мың оқушы қамтамасыз етілуде.
📌 Инфрақұрылым
•2025 жылы 92 мектеп жөндеуден өтуде.
•2026 жылға дейін 3 жаңа мектеп салу және 50 мектепті жаңғырту жоспарланған.
•40 жаңа пәндік кабинет сатып алынады.
📌 Техникалық және кәсіптік білім
•38 колледжде 19 мыңнан астам студент оқиды.
•Мемлекеттік тапсырыс 7%-ға артты.
•Колледждер мен кәсіпорындар арасындағы серіктестік нығайып, 5 мыңнан астам студент дуальды оқыту жүйесінде білім алуда.
📌 Тәрбие және қосымша білім беру
•Жаңа оқу жылынан бастап «Адал азамат» бағдарламасы енгізіледі.
•Балалардың 94%-ы қосымша біліммен қамтылған.
•Комьюнити-орталықтар саны 60-қа жеткізіледі.