"Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі бойынша тәуекел төлемдерінің қорытындылары

"Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі бойынша тәуекел төлемдерінің қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2024 жылғы қазан айынан бастап еңбекақы төлемдері бойынша онлайн-бюджеттік мониторинг жүргізу тәжірибесі енгізілді.

Онлайн-бюджеттік мониторинг – бұл еңбекақы төлемдері бойынша жүргізілген төлемдерге қатысты ақпаратты тұрақты әрі жүйелі түрде жинау, қадағалау және талдау үдерісі болып табылады.

ОБМ (онлайн-бюджеттік мониторинг) модулі Қаржы министрлігінің платформасы негізінде әзірленген, ол Қазынашылық – клиент қазынашылық деректер базасымен интеграцияланған және қазіргі уақытта ҰБДҚ деректер базасымен, сондай-ақ кадрлық қызметтердің ақпараттық жүйелерімен (мысалы, е-Қызмет және Еңбек) интеграция жүргізілген.

Қазіргі таңда ОБМ жүйесінде автоматты түрде әрекет ету хатын қалыптастыру функционалы іске асырылған. Әрекет ету хаты негізінде мониторинг объектісі бюджет қаражатының төленген сомаларын қайта тексеріп, артық төленген сомалар расталған жағдайда олардың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Осылайша, білім беру мекемелері бойынша 2025 жылдың 7 айында 192 төлем бойынша тәуекелдер 90,3 млн. теңге сомасында расталды, оның ішінде 66 төлем бойынша 45,3 млн. теңге бюджет кірісіне өтеуге жатады.