2025 жылға арналған Ынтымақтастықтың жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты және БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, 2025 жылғы 11–12 тамыз аралығында білім беру басқармаларының тәрбие ісі жөніндегі әдіскерлері, Психологиялық қолдау орталықтарының мамандары және Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының педагогтері үшін «ҚАУІПСІЗДІК 24/7» оқыту семинарын ұйымдастырды.
Оқыту семинары барысында мынадай мәселелер қаралды: зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас, зорлық-зомбылыққа ден қою, киберқауіпсіздік, гендерлік-сезімтал тәжірибелер, сондай-ақ ата-аналарды, оның ішінде әкелерді жұмысқа белсенді тарту жөніндегі бағыттар.
Оқыту семинарына қазақ және орыс тілінде 60 педагог қамтылды.