«Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына Шығыс Қазақстан облысы командасының онлайн форматта қатысуы туралы

«Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына Шығыс Қазақстан облысы командасының онлайн форматта қатысуы туралы

2020 жылғы 28-30 қараша аралығында Республикалық қағидаларына сәйкес әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстардың 2020 жылға арналған «Айбын-2020» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн-форматта өткізіледі. Әскери-патриоттық спорт клубтарының 14-18 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысады.

Республикалық жастар жиынында Шығыс Қазақстан облысын Семей қаласының «Жас Қыран» командасы, «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер лицейі және ҚР Қорғаныс министрлігінің «Шығыс» ӨңҚ әскери қызметшілерінің балалары таныстырады. Әр команда 10 ұл және 5 қыздан тұрады.

Карантин кезеңінде Республикалық ойын санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтықтан жүргізіледі.

Республикалық ойын жастардың сұранысына ие болатын цифрлық технологиялармен байланысты әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа нысандарын әзірлеу, өскелең ұрпақтың бойында ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Жиын бағдарламасында:

1) «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны;

2) «Біз біргеміз» челлендждер конкурсы;

3) «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы;

4) Робототехника бойынша «Смарт сарбаз-2020» өнертапқыштық конкурсы;

5) Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар: белтемірге тартылу, арқамен жатып денені көтеру, берпи (отырып тұру, планка және секіру үйлесімін білдіретін кешенді жаттығу), АК-74-ті толық бөлшектеу және құрастыру, газтұмылдырықты және плащ түрінде жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию;

6) «Саламатты Жас Сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету;

7) «Брейн-ринг» финалдық ойыны.

«Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылуы 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 16:00-де Семей қаласында ҚР Қорғаныс министрінің қатысуымен өтті.

Балаларға жарыстарда табысты өнер көрсетулеріне тілектеспіз!