Мұғалімдер күніне арналған апталық «Мұғалім – мәртебелі мамандық!»

Мұғалімдер күніне арналған апталық «Мұғалім – мәртебелі мамандық!»

Бүгін, 2020 жылдың 28 қыркүйегінде, Мұғалімдер күніне арналған «Мұғалім –   мәртебелі мамандық!» апталығы басталды.

Апталықтың ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымы, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және орта, кәсіптік білім беру ұйымдары.

Мақсаты – педагог (мұғалім, тәрбиеші) мамандығын қоғамның тануын арттыру және әрбір педагог өз оқушыларынан, олардың ата-аналарынан, әріптестерінен алғыс ала алатын ерекше мерекелік орта құру.

Апта аясында "Үздік педагог - 2020" байқауының жеңімпаздарын марапаттау, білім саласына немқұрайлы қарамайтындардың барлығына бейнеқұттықтаулар мен челлендждер жолдау, педагогикалық мамандықты игеруші студенттерімен сұхбат жоспарлануда.

Сондай-ақ, педагог еңбек ардагерлеріне, педагогтер әулеттеріне ерекше назар аударылатын болады.

Апта онлайн-форматтағы облыстың үздік педагогтерін марапаттау рәсімі түріндегі салтанатты іс-шарамен аяқталады.

Келе жатқан мерекемен, Құрметті әріптестер!

Сіздерге шығармашылық табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

«Мұғалім – мәртебелі мамандық!» Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жоспары

мерзім

Іс-шаралар мазмұны

1

28.09.2020

Апталықтың басталуы «Мұғалім – мәртебелі мамандық!»

Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі Интернет-беттер арқылы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ресми аккаунттары мен ресми сайтында

2

29.09.2020

 

- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бірыңғай күн.

Бейнекеш-челлендж

Әлеуметтік желілерде ең кішкентай балалар мен балабақша тәрбиеленушілерінен «Мерекелеріңізбен!» құттықтауларын жариялау

- Педагог әулеттерге құрмет көрсету:

а) Білім басқармасының білім беру порталына орналастыра отырып, "Шығыс Қазақстан педагогтер әулеті" электрондық жинағын шығару;

б) облыстың педагог әулеттері өкілінің қатысуымен интерактивті онлайн қонақ бөлмесі (сұхбат)

3

30.09.2020

 

 

-Бастауыш, негізгі және орта білім беру ұйымдарының, мамандандырылған, арнайы мектеп-интернаттардың, балалар үйлерінің бірыңғай күні.  Бейнетаныстырылым «Табысым үшін Сіздерге алғыс айтамын!» (әлеуметтік желілерде орналастырылған мұғалімдерге арналған бейнероликтер)

Педагог еңбек ардагерлерін бейнеқұттықтау «Сіздерге арналады, педагог еңбек ардагерлері!» (әлеуметтік желілерде орналастыру)

- «Неліктен мен мұғалім мамандығын таңдадым?» облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінің педагогикалық мамандықты игеруші студенттерімен бейне сұхбат (өзі туралы, үлгі алған мұғаліміне сілтеме жасай отырып құттықтау, әлеуметтік желілерде барлығына тілек білдіру)

4

01.10.2020

Қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлерін музыкалық онлайн-құттықтау (мұғалімдерге арналған әндер мен өлеңдерді әлеуметтік желілерде орналастырумен орындау)

5

02.10.2020.

Мұғалімдер күніне арналған онлайн режиміндегі салтанатты іс-шара  (әлеуметтік желілерде тікелей эфир)

6

03.10.2020.

«Мұғалімге сөз» ұстаз-шеберлердің бейнеқұттықтауы