Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Никольск орта мектебі» КММ білім беру ұйымының 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Никольск орта мектебі» КММ білім беру ұйымының 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізілді

2025 жылғы 27 маусымда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Никольск орта мектебі» КММ білім беру ұйымының 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында білім ордасының қалыптасу тарихы мен жетістіктері кеңінен баяндалып, мектеп ұжымының оқу-тәрбие үдерісіндегі еңбегі жоғары бағаланды.
Мерейтой аясында көпжылдық адал еңбегі, кәсіби шеберлігі және білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар педагогикалық ұжым мүшелері марапатталды.
Марапатталған қызметкерлер ұзақ жылдар бойы оқу-тәрбие процесіне белсене атсалысып, өз ісіне зор жауапкершілікпен қарап, бастамашылдық пен жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді.