«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық қашықтық слетінің қорытындысы

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың  облыстық қашықтық слетінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылың 16-18 қыркүйегі аралығында Өскемен қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық қашықтық кезеңін өткізді.
Слетке облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің 137 жеңімпазы қатысты.
Қатысушылар өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша бақтарын сынады.
Слет қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом – 9 қатысушы; ІІ дәрежелі – 19 қатысушы; ІІІ дәрежелі – 27 қатысушы иеленді. Қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
Номинациялар бойынша үздік деп танылған жобалар 2020 жылдың 28 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында қашықтықтан өтетін слеттің республикалық кезеңіне қатысатын болады.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Келешекте сәттіліктер тілеміз!