Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген 140 бала «Қонақжай отбасы» жобасының аясында қазақ тілі мен мәдениетіне терең бойлады. Катонқарағай, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарында 49 отбасы өз үйлеріне жобаға қатысушы балаларды жылы шыраймен қарсы алды.
Балалар қазақ тілді отбасыларында тұрып, күнделікті тілдік қарым-қатынас жасап, тұрмысқа араласып, ұлттық әдет-ғұрыптар мен өмір салтымен танысты.
Бұл жай ғана тілді үйрену емес - достық, өзара түсіністік пен Қазақстанның мәдениетіне деген құрмет.
Жоба толеранттылықты қалыптастыруға, тілдік бейімделуді арттыруға және оқуды қызықты әрі мазмұнды етуге көмектеседі.
Сол қызықты сәттердің фотосуреттерінен шабыт алыңыздар!